Жаңа Конституция инвестициялық ахуалды жақсартады
Жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартады, ірі халықаралық қаржы институттарының, инвесторлардың сенімін нығайтады. Заң үстемдігі мен ашықтық – қаржы саласының тиімді жұмыс істеуінің негізгі кепілі. Жалпы жаңа құжат барлық салаға оң әсер етуі тиіс, дейді шетелдік сарапшылар. Елімізде өткен референдумды мұқият бақылаған олар саяси реформа табысты жүзеге асырылғанын тілге тиек етті. Сондықтан да референдум учаскелеріндегі белсенділік жоғары болды.
Александра Перминова, Ресей ғылым академиясы Қытай және қазіргі Азия институтының Орталық Азия зерттеулер орталығының жетекшісі:
Мен екі рет Қазақстанда өткен референдумдарда байқаушы болдым. Бұл жолы азаматтардың белсенділігі өте жоғары болғанын көрдік. Бұл ең алдымен жүргізілген сапалы жұмыстың нәтижесі. Яғни ашық талқылауда тұрғындарға барлығы түсіндірілді, әркімнің пікірі ескерілді. Әсіресе жастармен тығыз байланыс орнатылған. Сондықтан референдум сәтті өтті.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17