Трамп Иранмен бейбіт келіссөз өтіп жатқанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арада бейбіт келіссөз жүріп жатыр деп мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, Тегеран мұны жасырып отыр. Американың «Аксиос» жаңалықтар веб-сайты АҚШ Иранға 15 пунктен тұратын бейбіт жоспар жібергенін жазды. Бұл ақпаратқа сай, келіссөздің бірінші раунды бүгін өтуі мүмкін.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Біз Таяу Шығыста жеңіске жетіп жатырмыз. Бұрын соңды мұндайды ешкім көрмеген. Иран бізбен келіссөз жүргізіп жатыр. Олар келісім жасағысы келеді. Алайда мұны айтуға қорқып отыр.
Тегеран болса, Вашингтонмен келіссөз жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-тың соғысты тоқтату туралы ұсынысын елдің жоғарғы басшылығы қарастырып жатыр деп мәлімдеді. Дипломат мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде делдалдар арқылы хабарлама алмасуды келіссөз немесе диалог деп тануға болмайтынын айтты.
Аббас Аракчи, Иранның сыртқы істер министрі:
Осы уақытқа дейін ешқандай келіссөз өткен жоқ. Мен Америка тарабымен диалог болмағанын нақты айта алам. Алайда соңғы кездері америкалықтар түрлі делдалдар арқылы хабарламалар жібере бастады. Бұл достас елдер арқылы жай ғана хабарлама алмасу деп аталады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06