Әлем жаңалықтарына шолу
Бүгін Иран халқы Наурызды мерекелеп жатқанда Израиль Тегеранды бомбалады. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, қалада бірнеше жарылыстың жаңғырығы естілді. Бұған жауап ретінде Ислам Республикасы Иерусалимге шабуыл жасап, жергілікті тұрғындарды жаппай жасырынуға мәжбүр етті.
Сонымен қатар Иран Америка мен Израильден кек алу үшін Араб Әмірліктерінің, Кувейттің, Сауд Арабиясының, Қатардың, Бахрейннің стратегиялық нысандарына соққыны күшейтуге кірісті. Соның салдарынан мұнай мен газ бағасы шарықтап, әлемге энергетикалық дағдарыс қаупі төніп тұр.
Таяу Шығыстан газ импорттау қиындағандықтан, Үндістанның Сурат қаласындағы тоқыма фабрикасында ас әзірлеу тоқтап, мыңдаған жұмысшы пойыздарға мініп, ауылдарына оралып жатыр.
Бүгін Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында автобөлшектер зауыты өртеніп, тілсіз жаумен күреске 250 адам жұмылдырылды. «Йонхап» агенттігінің дерегінше, кемінде 50 жұмысшы жараланды. Олардың 35-і ауыр халде жатыр.
Американың ұлттық ғарыш агенттігі Артемис-2 ракетасын Канаверал мүйісіндегі ұшу алаңына жылжыта бастады. Бұл зымыран Айдың айналасына 50 жылдан астам уақыттан бері алғаш рет 4-адамдық экипажды жеткізуі керек. Старт сәуірдің 1-не жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы