Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
Еліміздің жаңа Конституциясының 88-бабына сәйкес, мәслихаттар өз құзыреті аясында шешім қабылдайды, ал жергілікті атқарушы органдар соларды жүзеге асырып, тиісті аумақта міндетті өкімдер шығарады.
Яғни, мәслихат негізгі бағытты айқындайды, әкім оны орындауға жауап береді. Ең маңыздысы – қабылданған құжаттар жергілікті деңгейде бұлжытпай орындалуы тиіс. Сарапшылардың айтуынша, бұл - басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді.
Ғалым Телеуов, Құқықтанушы:
Жергілікті органдардың актілері сол аймақтарда орындалуға міндетті. Бірақ тәжірибеде кей жағдайда үйлесімсіздіктер байқалғандықтан, осы норманы жүзеге асыру кезінде әр мемлекеттік органдардың жауапкершіліктерін белгілеп алуымыз қажет. Жалпы, бұл бап жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдардың қызметіндегі үйлесімділіктерді қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесіне Еуропада қызығушылық артты
05.10.2026, 20:14
Қазақстандықтар ақша жинауға көңіл бөле бастады
05.10.2026, 20:12
Қазақстаннан жанармайды заңсыз шығаратындармен күрес қарқынды жүріп жатыр
05.10.2026, 20:12
Премьер-министр атом өнеркәсібін дамыту жөнінде кеңес өткізді
05.10.2026, 20:10