Басты Жаңалықтар Астанада ұлттық спорт түрлері ұлықталды

Астанада ұлттық спорт түрлері ұлықталды

Бүгін наурызнама бойынша Ұлттық спорт күні. Осыған орай бабадан балаға мирас болған төл ойындарымыз жер-жерде дәріптеліп жатыр. Астанадағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде атаулы күнге орай ат спортынан сайыстар ұйымдастырылды. 

Ұлттық спорт – тек қана сайыс емес, төл тарихымыздың ажырамас бөлігі. Осы арқылы халқымыздың мәдениетін, бүтін болмысын тануға болады. Ат жалын тартып мінген жігіттердің барлығы да сом білекті, батыр жүректі.

Ақжол Мейрамхан, шабандоз:

Жылқы жануары өте сезімтал жануар. Үстінде отырған шабандоздың көңіл күйін, қорқынышын сенімді отыр ма, отырған жоқ па, соның барлығын сезеді. Сол үшін физикалық дайындық керек. Олсыз қиын болады.

Атаулы күнге орай Елорда тұрғындармен қонақтары төл ойындарымызды тамашалады. Қыз қуу, аударыспақ, теңге ілуден арнайы сайыстар ұйымдастырылды. Ал, көкпар ойыны әдеттегідей көпшіліктің делебесін қоздырды.

Сауалнама:

-         Қазақстанға алғаш рет келдім. Қазақ халқының ұлттық ойындарын тұңғыш рет тамашалап отырмын. Тұлпарлардың шабысы керемет. Керемет әсер алдым. Ұлттық киімдеріңіз де өте әдемі.

-         Ұлттық спорт күні аттармен қандай көріністер жасады. соларды қолпаштап, өз көзімізбен көріп, әдемі көріністер куәсі болдық. Өте қуаныштымын. Елімізге амандық жұртымызға тыныштық тілеймін!

Осылайша ұлыс күні қарсаңында ұлттық ойын түрлері түрлері ұлықталды. Бағамдасақ, бұл спорттың ғана емес, елдің төл мәдениетін танытуға сеп болары сөзсіз.


Бөлісу