Трамп әлемдегі ең ірі газ кенішін бомбалайтынын ескертті
Иран Қатардың газ өндіретін нысандарына тағы шабуыл жасайтын болса, АҚШ Ислам Республикасының Оңтүстік Парс көгілдір отын кенішіне соққы береді.
Мұны президент Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады. Тағы бір сөзінде Трамп Израильдің осы кенішке зымыран жібергенін білмей қалғанын атап өтті.
Парс – Иран мен Қатар бөлісіп отырған әлемдегі ең үлкен табиғи газ кеніші. Израильдің өткен тәуліктегі соққысынан мұнда газ резервуары мен газ өңдейтін зауыты зақымданып, жұмысшылар эвакуацияланды.
Оқиғадан кейін Иран Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік қаласы мен Сауд Арабиясын зымырандармен, дрондармен атқылады. Соңғысы Тегеранға әскердің күшімен жауап беруге құқылы екенін ескертіп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06