Талдықорғанда 40-тан астам отбасы баспаналы болды
Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға жаңа пәтер кілтін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев табыстады. Талдықорған қаласында өткен жылы 630-дан астам адам үйлі болса, жыл басынан бері 135 тұрғын жаңа қонысқа ие болды. Ал жыл соңына дейін қалада тағы 1400-ге жуық баспана салынбақ. Мереке қарсаңында пәтерге ие болғандар қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар бар. Қоныс иелері бұл күннің Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуін жақсы ырымға балап отыр.
Артем Папов, қала тұрғыны:
Бүгін баспаналы болдым. Өзім балалар үйіненмін. 15 жыл бұрын пәтер алуға кезекте тұрған едім. Міне, Наурыз мерекесі қарсаңында арманыма қол жеткіздім. Көңіл күйімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл – мен үшін жаңа өмірдің бастамасы.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25
Атырауда 30 отбасы баспаналы болды
20.11.2026, 20:21
Коммуналдық салаға инвестиция көлемі артады
20.11.2026, 20:15
Зиянды қалдық 13 есе азаяды: Екінші жэо желтоқсанда іске қосылады
20.11.2026, 20:15
Түркістанда энергетикалық нысандардың құрылысы қарқын алды
20.11.2026, 20:13