Жаңа Конституция – орнықты дамудың кепілі
Жаңа Конституция бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты негізгі құндылықтарды орнықтырып, елдің даму бағытын айқындап берді. Жалпыхалық болып қабылдаған бас құжат мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі. Парламенттаризм институты ұйымдастырған жиында сарапшылар осылай деді. Олардың айтуынша, Конституциялық реформа ел тарихының жаңа кезеңіне жол ашпақ. Мәселен, бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы тек қоғамдық сипатқа ие болса, енді «Халық кеңесі» ретінде саяси диологқа салмақ беріп, заң шығару үдерісіне ықпал етпек.
Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:
Халық кеңесі арқылы халықты толғандырған өзекті мәселелерді пісіріп, жетілдіріп, халықпен бірге талқылап, кейін оны Парламентте заңға айналдыру тетігі қосылып отыр. Бұл алдағы заңдардың барынша сапалы, өміршең болатындығына негіз болады.
Жуырда бірқатар заң жобасы Парламент қарауына енгізілмек. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев бұл өте жауапты міндет екенін айта келе, бірқатар мәселелерге ерекше назар аудару керектігін айтты.
Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:
Ең басты мақсатымыз әрбір азаматтардың жеке деректерін сақтау, жеке бас құқықтарын онлайн және офлайн қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикамызды және әлеуметтік саламызды дамыту бағытында цифрландыру мәселесіне біз қатты қарауымыз қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы