Есірткі қылмысы мен жаза шегін айқындау мәселесі талқыланды
Есірткі қылмысы мен жаза шегін айқындау мәселесі бүгінгі таңда өзекті бағыттардың бірі. Себебі, есірткі құралдарының заңсыз айналымы қоғамдық қауіпсіздік пен халық денсаулығына елеулі қатер төндіреді. Сондықтан оған қарсы күрес заңдылық, әділдік және адам құқықтарын сақтау қағидаттарына сай жүргізілуі тиіс. Бұл туралы «Есірткі қылмыстары және жаза шегі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Жиында есірткі айналымына қатысты қылмыстар үшін қолданылатын жазалардың түрлері мен шегі, сондай-ақ ең қатаң жаза шараларының тиімділігі мен орынды қолданылуы сараланады. Сонымен қатар қатысушылар шетелдік тәжірибені, халықаралық құқықтық стандарттарды, адам құқықтарын қорғау тетіктерін, заңдылықты сақтау және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселелерін де кеңінен қарастырды.
Дарын Әшімбаев, заңгер:
Шамамен 20-25 тонна көлемінде жыл сайын есірткі тәркіленіп жатыр. Оған қарсы бізде құқық қорғау органдары есірткі жасайтын арнайы лабораторияларды анықтап, жолын кесуде. Күрес қатты жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қарсы осындай шаралар жүргізу арқылы, жастарды тәрбиелеу арқылы осы наркотикалық заттардың таралуына және оларды жастардың арасында пайдалануға тыйым салуға осындай жұмыстар жүргізудеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы