Басты Жаңалықтар Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Кеше түнде Паралимпиада ойындарында топ жарған Ербол Хамитов пен ұлттық құрама мүшелері елге оралды. Оларды Астана әуежайында Елордалықтар сән-салтанаттымен күтіп алды.

Ұшақтан түскен спортшыны қалың жанкүйер бірден құшаққа қысты. Расымен, Ербол Хамитов ерледі. Италияға аттанар алдында алтын әкелем деп уәде еткен еді. Сонысын орындады. Байрақты бәсекеге ту ұстап барып, бір өзі екі медаль еншіледі.

Ербол Хамитов, паралимпиада ойындарының чемпионы:

Екі ай бұрын Мемлекет басшысына Әнұран шырқатамын деп уәде бергенмін. Жанкүйер болып сенім артқан Қазақстан халқына алғысымды білдіремін.

Осынау жеңісті, жемісті мезетті жылдар бойы төгілген тердің өтеуі десек болады. Хамитов әуелі шаңғы жарысынан қоланы қанағат тұтты. Кейін із қуу сайысында алтын алды. Сөйтіп параспортшы тарихи нәтиже тіркеді. Жанкүйер дән риза. 

Демеушілер дүбірлі додада топ жарған Ерболға елордадан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Қоржынға қос медаль салған спортшы енді жазғы паралимпиада ойындарында да олжа салуға ниетті.


Бөлісу