Басты Жаңалықтар Референдум халықаралық талаптарға сай өтті

Референдум халықаралық талаптарға сай өтті

Қазақстандағы референдум ұлттық заңнама шеңберінде, халықаралық талаптарға сай өтті. Ал жаңа Конституцияны қабылдау – уақыт талабы. Мәскеуде Қазақстан елшілігінде еліміздегі саяси реформалар талқыланды. Саясаттанушылар, сарапшылар мен сала мамандары Қазақстандағы саяси өзгерістер демократиялық сипатқа ие екенін жеткізіп, жаңа құжат соңғы онжылдықтардағы іргелі өзгерістерді бекітеді дейді. Саяси реформа қоғамда түйіні көп түйткілдерді шешуге де мүмкіндік беретінін алға тартты. Қазақстанның жаңа Конституциясы ішкі және сыртқы сын-қатерлерге жауап бере отырып, барлық саланың тамырына қан жүгіртеді. Басты құжаттың жаңа мәтінін мұқият зерттеген мамандар онда қарапайым азаматтардың пікірі ескерілгенін, қоғамда ашық талқыланғанын назарға алды. Реформа Қазақстан халқының келісімін, өзара түсіністігі мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Алексей Власов, саясаттанушы:

Референдум барысында халықтың белсенділігі жоғары болғанын көріп отырмыз. Мәскеудегі референдум учаскесінде жастардың ұзын-сонар кезекке тұрып, өз таңдауын жасап, елінің болашағына бейжай қарамағаны қуантады. Қазақстанда ұлттық ерекшеліктерді, халықтың қажеттілігін ескере отырып, жаңа саяси модель қалыптасуда. Тіпті жаңа Конституцияда «адам» сөзі 70-тен аса қолданылған. Бұл жаңа құжаттың адами капиталды дамытып, гуманитарлық құндылықтарды дамытуға басымдық бергенін көрсетеді.

Бөлісу