Отандастарымыздың 84 пайызы дауыс берді
Мәскеуде жергілікті уақыт бойынша 20.00-де дауыс беру аяқталды. Отандастарымыздың 84 пайызы дауыс берген. Нөмірі 429 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағандардың арасында жастар көп. Ресей астанасынан бөлек, Астрахань, Омбы, Қазан және Санкт-Петербург қалаларындағы бас консулдықтарда да референдум учаскелері жұмыс істеді. Жалпы Мәскеудегі учаскеде алты халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың айтуынша, заң бұзылған жоқ, дауыс беру халықаралық талапқа сай өтті.
Николай Гришин, ТМД Парламенттік ассамблеясының халықаралық байқаушысы:
Мәскеу қаласындағы референдум учаскесіндегі дауыс беру ашық, барлық талапқа сай өтті. Біз ешқандай заң бұзушылық анықтаған жоқпыз. Азаматтарға барлық жағдай жасалған.Ұйымдастыру жұмыстары да өте жоғары деңгейде екенін атап өткен жөн.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17