Басты Жаңалықтар Ресейдегі қазақтар да рет-ретімен дауыс берді

Ресейдегі қазақтар да рет-ретімен дауыс берді

Ресейде бес референдум учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Мәскеудегі № 429 учаскесінде Ресей астанасында уақытша тұрып жатқан отандастардың 72 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бас консулдықтарда да белсенділік жоғары. Толығырақ тілші тарқатады

Бұл Мәскеудегі референдум учаскесіне жиналған жастар. Таңғы жеті болмай, кезекке тұрып, өз таңдауын жасауға келіпті. Ресейдегі Әскери академияның білім алушылары алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Ерлан Әшірбеков, РФ Әскери академиясының 2 курс тыңдаушысы:

Бүгінгі референдумға алғашқылардың білі болып келіп отырмыз. Еліміздің өркендеуіне, дауына үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз. Қайда жүрсек те, біз еліміз үшін, жеріміз үшін, әскери қызметкер болғандықтан қорғауға дайынбыз.

Ал Әмірхан Рахымжанов аяқ астынан жұмыс бабымен Мәскеуге келіпті. Уақыттың тығыздығына қарамастан, бұл күні дауыс беріп, өз конституциялық құқығымды пайдалануға бел будым, - дейді.

Әмірхан Рахымжанов, Астана тұрғыны:

Егеменді мемлекетіміз Қазақстан Республикасының елшілігіне келіп, менің жұбайым екеуміз өз даусымызды бердік, даусымыз ол еліміздің болашағы үшін. Әрбір адамның құқығы бар, даусын беріп, еліне келіп. Сондықтан бүгін бір ерекше сезім, патриоттық сезім. Кешеден бері, одан бір жұма бұрын дайындалып жүрдік.

Ұзын-сонар кезекте тұрғандар ыстық шай ішіп, бауырсақтан дәм татты. Бұл күні шетте жүрген отандастар арқа-жарқа. Мәскеу облысының Дубна қаласынан да 100-ге жуық қазақстандық ғалым таңғы бесте шығып, референдум учаскесіне жеткен. Осылайша отандастар белсенділік танытты. Референдум учаскесінде акредиттелген халықаралық байқаушылар дауыс беру процессі халықаралық талапқа сай ұйымдастырылғанын айтады. Мәскеудегі дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00 ге дейін жалғасады.


Бөлісу