Шетелдегі жерлестеріміз референдумға атсалысты
Шетелде жүрген жерлестеріміз де референдумға белсенді қатысып жатыр. Қазір елу төрт елде орналасқан жетпіс бір референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр. Шеттегі учаскелерде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат үш нөл нөлден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат он тоғыз нөл-нөлге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның он төрті өз жұмысын аяқтап үлгерді. Қазіргі мәліметтер бойынша шетелде дауыс берген қазақстандықтардың саны тоғыз мың елу адамға жеткен. Ал, сағат тура он екіге дейін шетелдегі алпыс төрт учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып он алтыншы наурызда Астана уақытымен сағат таңғы сегізде шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06