Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінде азаматтарымыз дауыс берді
Ал Ұлыбритания астанасындағы Қазақстан елшілігі жанында орналасқан дауыс беру учаскесіндегі референдумның басталғанына көп уақыт бола қоймады. Өйткені Лондон Астана уақытынан 5 сағат артта. Қазір бізбен байланысқа Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова шыққалы тұр. Марина, сіз эфирдесіз.
Марина Бекенова, тілші:
Рақмет, Альбина. Мен қазір елшілік жанындағы №408-ші дауыс беру учаскесінің алдында тұрмын. Kazakhstan House, яғни «Қазақстан үйі» Лондонның дәл орталығында орналасқан. Ғимараттың төбесінде көк туымыз желбіреп тұр. Күн әдеттегідей ала бұлтты. Жаңбыр жауады деген болжам бар. Бірақ бұл, отандастырымыздың, есігі таңғы 7-де ашылған елшілікке келіп, дауыс берулеріне еш кедергі келтірмейді. Учаске қажетті құрал-жабдықтармен түгелдей қамтамасыз етілген. Комиссия мүшелері ережелердің толық сақталуын қамтамасыз етуде. Дауыс берушілердің басым көпшілігі жастар қауымы. Қазір менің қасымда отандасымыз Дәулет Әмірханов тұр.- Дәулет сіз Лондонда жұмыс істейсіз бе?
Дәулет Әмірханов, стартапшы:
Мен жасанды интеллект аясындағы стартаппен айналысамын. Лондонда тұрып жатқаныма көп уақыт бола қойған жоқ. Конституциялық құқығымды пайдаланып, референдумға қатысу үшін осында келдім. Өйткені мен үшін еліміздің болашағы өте маңызды.
Маңызды шара туралы ақпарат жарияланғаннан кейін референдумға қатысушылардың
көпшілігі учаскеге алдын ала тіркелген. Елшілік отандастарымыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін жергілікті полициямен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп
жатыр. Ұлыбританиядағы референдумның өту барысы туралы алдағы шығарылымдарда
тағы да баяндаймыз.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07