Түркістан облысында «Таупістелі тағылымы» басқосуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында «Таупістелі тағылымы» басқосуы өтті

30.04.2019

Түркістан облысында «Таупістелі тағылымы» деген тақырыпта түркі елдерінің ақын-жазушылары өзара сұхбат құрды. Түркібасы тауының төріндегі әңгімеге тарихы тамырлас түркі елдерінің ынтымақтастығы, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, қаламгерлік парыз тақырыптары қаузалды. Сондай-ақ, қазақтың Шерханы мен өзбектің Насыр Фазыл сынды сөз шеберлерінің шығармашылығын насихаттау жайы айтылды.

Бауырлас түркі жұртына ортақ дүние көп. Тек бір, тіл мен дін ортақ. Әдебиет пен мәдениетіміз тамырлас. Сондықтан зиялы қауымға артылар жүк - осыларды түреңінен түсіндіре білу. Басқосуға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен Алматы, Астана қалаларынан келген қаламгерлер қатысты. Кездесудің өтуіне жазушы Мархабат Байғұттың бастамасымен құрылған «Мархабат-Мирас» қоры ұйытқы болды.

Мархабат Байғұт жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

- Ыстықкөл форумы секілді «Таупістелі тағылы» форумы да өзінің қолынан келгенше, әлі жеткенше, аз да болса түркі бірлігіне, татулығына, түркі әдебиеті, журналистикасының жандануына үлес қосса деген дейміз.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу