Батыс Еуропа шолушылары референдум жайлы жаза бастады
Шетел бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы референдум туралы хабар таратуды жалғастырып жатыр. Британияның ВВС хабар тарату корпорациясы бұл тақырыпқа көлемді мақала арнаған. Негізгі бөлімде автор жаңа конституция жобасына тоқтала кеткен. Дауыс беруге құқылы азаматтардың тең жартысы қатысса ғана, референдум өтті деп саналатынын да жазған. Сонымен бірге дауыс беруге 12 жарым млн-ға жуық адам қатыса алатынын да атап өткен.
Халықаралық «Дойче Велле» компаниясы да ресми сайтына «Қазақстанда
жаңа Конституция бойынша референдум өтіп жатыр» атты мақала жариялады. Дауыс
беру учаскелері сағат 7-ден ашылғанын, ал Жапония мен Кореяда Астана уақытымен
айырмашылық болғандықтан учаскелер ерте ашылғаны хабарланды. Сонымен бірге
кейбір учаскелерде кезек түзілгені де назардан тыс қалған жоқ. Автор
референдумның ресми нәтижесі дауыс беру өткен соң 7 күн ішінде жариялануы тиіс
атап өтті.