Қазақстан азаматтары үшін 54 елде 71 референдум учаскесі ашылды
Қазақстан азаматтары үшін 54 елде 71 референдум учаскесі құрылды. Олар Қазақстан елшіліктері мен консулдықтарында орналасқан. Еуропа елдерінің басым бөлігінде учаскелер осыдан 1 сағат бұрын ашылды. Қарт құрлықтан әріптесім Нұрсұлу Қасым қазір бізбен байланысқа шықты. Нұрсұлу, Сіздер қай елдегі референдум учаскесінде тұрсыздар?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек!Біз еліміздің Бельгиядағы елшілігінде орналасқан №405 референдум учаскесіндеміз. Әнұранымыз шырқалып, жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде, яғни 1 сағат бұрын учаске салтанатты түрде ашылды. Отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Жастар белсенді. Шапандарын киіп, референдумға ерекше көңіл күймен қатысуда. 18 жасқа толып, өмірінде тұңғыш рет дауыс берген жігітке жаңа ғана естелікке ұлттық кәдесый табыс етілді. Жалпы, бүгін осы жерден дауыс беруге 200-ге жуық Қазақстан азаматы тіркелген. Дені-дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен осында жұмыс бабымен, отбасылық жағдайына байланысты тұрып жатқан қазақстандықтар. Люксембургта уақытша тұратын немесе іссапарда жүрген жерлестеріміз де кешкі сағат сегізге дейін осы жерге келіп, өз таңдауын жасай алады. Денсаулығына немесе басқа да жағдайларға байланысты елшілікке келе алмайтын азаматтарға жылжымалы жәшіктерді қолдану арқылы дауыс беру ұйымдастырылады. Бірақ, әзірге үйде дауыс беру туралы өтініш түспеген. Егер, болып жатса алдағы шығарылымдарда айтамыз.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОРК: Құқылы азаматтардың жартысына жуығы дауыс берді
15.03.2026, 14:32
«Референдум – 2026»: ЖИ-дің қоғам өміріндегі рөлі талқылануда
15.03.2026, 14:30
Депутат: Референдумда халық өте белсенді
15.03.2026, 14:28
#referendum2026: Әлеуметтік желі әдеттегідей белсенді
15.03.2026, 14:26
UFC ұйымының жұлдызы Ш.Рахмонов дауыс берді
15.03.2026, 14:24
Алматының зиялы қауымы референдум учаскелеріне келді
15.03.2026, 14:22
Қайраткер Сауытбек Абдрахманов дауыс берді
15.03.2026, 14:20
Батыс Еуропа шолушылары референдум жайлы жаза бастады
15.03.2026, 14:18