Халықаралық байқаушылар жұмыс жоспарымен таныстырды
«Қазақстан халқы референдумда қабылдаған шешімге құрметпен қараймыз. Бұл біздің – басты міндетіміз». Түркия Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесуде осылай деді. Ол алдағы референдум Қазақстан халқы үшін маңызды екенін айтып, дауыс беруші азаматтардан белсенділік күтетін жеткізді.
Ахмет Йенер, Түркия Республикасының жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы:
Ел болып маңызды шешім қабылдайтын кезде байқаушы ретінде жұмыс істеу - біз үшін үлкен мәртебе. Дауыс беру процесінің ашықтығын қадағалаймыз. Біз ел болып қабылдаған шешімге құрметпен қараймыз. Бұл - біздің басты міндетіміз. Қазақстан халқы референдумда өз таңдауын жасап, белсенді болады деп сенеміз.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының өкілімен, Албания мен Қырғыз Республикасы сайлау органдарының басшылармен жүздесті. Екіжақты кездесуде халықаралық байқаушылардың жұмысына жасалатын жағдайлар және өзара іс-қимыл жоспары талқыланды.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар да кітап оқи бастады
13.11.2026, 17:28
Артық салмақ миды тез қартайтады
13.11.2026, 17:27
Алматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тәуелсіздік – ел дамуының алтын тірегі
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17