Басты Жаңалықтар Референдумды 38 елден 359 байқаушы бақылайды

Референдумды 38 елден 359 байқаушы бақылайды

«Біз бейтарап боламыз. Елдің ішкі ісіне араласпаймыз!». Референдум барысын бақылауға келген ТМД бас хатшысының орынбасары Игорь Петришенко осылай деді.

Бұған дейін байқаушылар тобы Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында болып, учаскелердің дайындығын көрген. Халықаралық ұйым өкілдері дауыс беру орындарында барлығына бірдей жағдай жасалғанын айтты. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД-ның байқаушылар миссиясы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобымен кездесті. Онда учаскелердің материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталуы, азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жөнінде баяндады. Айта кетейік, референдум барысын 38 ел мен 11 халықаралық ұйымның 359 өкілі бақылайды.

Игорь Петришенко, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары:

Конституцияға өзгерістер енгізу және елдің даму бағытын айқындау - Қазақстан халқының егемен еркі. Біз бейтарап әрекет етеміз. Елдің ішкі істеріне араласпаймыз. Бұған дейін біздің байқаушылар бірқатар өңірде болды. Ал, Референдум кезінде 20 өңірдің 9-ын қамтуды жоспарлап отырмыз.

Бөлісу