12 наурыздан бастап құқық бұзғандарға автоматты түрде айыппұл салынады
Енді ережені ескермеген жүргізушілерге автоматты түрде айыппұл салады. Ертеңнен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Бұдан былай, «ақылды жүйе» жолдағы жүргізушілерді бақылап отырады. Көлік тізгінінде телефон пайдалансаңыз, қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз, айыппұл автоматты түрде рәсімделеді. Бұрын мұның барлығын полиция қызметкерлері анықтап, хаттама толтыратын. Әкімшілік кодекстің 31-бабында жүргізушінің ереже бұзғанын цифрлық жүйе анықтаса, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ құжаттарға қатысты құқықбұзушылықтарды да жаңа жүйе бірден аңғарады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Техникалық байқаудың мерзімінің өтуі, сақтандыру полисінің болмауы, қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімінің аяқталуы және басқа да жағдайлар. Сонымен қатар жүйе автоматты түрде ескерту шығара алады. Мысалы, жолда кептеліс тудыру, сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау және басқа да жолда жүру қағидаларын бұзу жағдайлары.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Енді құқық бұзушылықтар үш түрлі жолмен тіркеледі. Барлығында заң талаптары мен айыппұл көлемі сол қалпында сақталады. Бұған қоса, көшеге қоқыс тастаған, тыйым салынған жерлерде шылым шеккен, жолды кесіп өткен азаматтарды заманауи технология анықтаса, ешқандай хаттамасыз автоматты түрде айыппұл жазылады.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Былтыр елді мекендерде еңбек ететін дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген
21.06.2026, 19:55
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады
21.06.2026, 19:50
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
21.06.2026, 19:47
«Balkhash Tour Fest» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
20.06.2026, 20:09
Қазақстандық жас математиктер халықаралық олимпиадада топ жарды
20.06.2026, 20:09
Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығына - 5 жыл
20.06.2026, 20:08
5 мың сәбидің кіндігін кескен акушер
20.06.2026, 20:06
Қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
20.06.2026, 20:05