Мәскеуде Ә.Бөкейхановтың бюсті орнатылды
Мәскеуде қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай бюсті орнатылды. Ол Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонында орналасқан. Енді Мәскеу тұрғындары мен қонақтары павильонға келіп, Әлихан Бөкейхановқа өз құрметін білдіре алады. Жиналғандар алаштың ардақтысына ескерткіш орнату игі іс екенін алға тартты. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейде ұлт қайраткеріне арналған кітап та шығарылған еді. Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
Әлихан Бөкейханов Ресей империясы Мемлекеттік Думасының жұмысына қатыса отырып, қазақтар мен басқа да байырғы халықтың мүддесін қорғады. Ол көпұлтты бірлік пен прогреске сенді және оның мұрасы бүгін ел арасындағы стратегиялық әріптестік қағидаттарында көрініс табуда.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06