Басты Жаңалықтар Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды

Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды

Республикалық референдум күні барлығы 10402 учаске жұмыс істейді. Дауыс беру процесін елімізден бөлек, 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы бақылайтын болады. Сонымен, республикалық референдумды әзірлек барысы қалай?

Жаһандағы тұрақсыздыққа байланысты 10 елдегі дауыс беру учаскесі уақытша жабылды. Тек 54 елде 71 учаске жұмыс істейді. Республикалық референдумда шетелдегі 14230 азамат таңдау жасайды. Қазіргі күні дауыс беру парақтарын жеткізу жұмыстары жүріп жатыр.

Ерлан Әлімбаев, ҚР Сыртқы Істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

Референдум жәшіктері, бюллетендер алынды. Және шетелдік референдум учаскелеріне жеткізу мақсатында дипломатиялық курерлер арқылы бүгін-ертеңнен бастап жолданады. Референдумды 31 елден 68 шетелдік БАҚ-тың 185 өкілі сүйемелдеуді жоспарлап отыр.

Күні кеше шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды. 38 ел мен 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы референдум барысын бақылайды. Ал учаскелік комиссия мүшелерін оқыту жоспарға сай  жүргізілуде.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

Референдум комиссияларын, мүшелерін оқыту даярлау жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде. Алдағы кезең - аса жауапты кезең. Сондықтан барлық деңгейдегі комиссиялар тиімді пайдаланып, қойылған міндеттерді сапалы орындауы тиіс.

Жауапты мамандар бұған дейін барлық өңірде болып, учаскелердің дайындық барысын бағамдады. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау басты назарда болмақ.

Бөлісу