Паралимпиада: Бүгін бес отандасымыз жарыс жолына шықты
Италияда ақ Паралимпиада нағыз қызған шағына келіп жетті. Тезеро тау шаңғы кешенінде бүгін бес бірдей отандасымыз жарыс жолына шықты. Бәсекелер әлі де жалғасуда.
Азат Қадырбек, тілші:
Бүгін отандастарымыз пара шаңғы жарысының бірнеше бөлімінде жүлдеге таласты. LW12 классында 1500 метрлік қашықтықтағы классикалық спринтте Юрий Березин отыз бірінші орынмен жарысты аяқтады. Ал тік тұрып өнер көрсететіндер санатында дәл осы қашықтықта Владислав Кобаль мен Нұрлан Әлімов. 2 минут 37 секунд нәтижесін тіркеген Әлімов он үшінші, Владислав он бесінші орынмен іріктеу кезеңінен әрі аса алмады. Ал көру қабілеті зақымданған спортшылар тобында өнер көрсеткен Анна Грачева пара шаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринт бөлімінде бақ сынады. Бапкері Ермек Ормантаевтың ізінен жүріп отырған жерлесіміз тұңғыш паралимпиадасында он екінші болып жарысты аяқтады. Бәсекеден кейін Анна өз ойымен бөліскен еді.
Анна Грачова, Пара шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Бүгін мен үшін ерекше күн! Тұңғыш рет мұндай жоғары деңгейдегі жарыста бақ сынап жатырмын. Әрине, жанкүйерлер үмітін ақтап, үздік өнерімізді көрсеткіміз келеді. Бұл ақ ойындарда жинаған тәжірибеміз алдағы жарқын жеңістердің негізі болады деп сенемін.
Азат Қадырбек, тілші:
Италия төріндегі төртжылдық басты додасы 16-наурызға дейін жалғасады. Жерлестерімізден жеңіс күтеміз.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32