Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
Жетісу облысында референдум күні 469 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Учаскелер қажетті техника және байланыс құралдарымен толық жабдықталған. Жалпы халықтық референдумда өңірдегі 438 мыңнан астам адамның өз таңдауын жасауға құқы бар. Басты талап – заңдылық пен ашықтықты сақтау. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істейді. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтардың да дауыс беруіне жағдай жасалған.
Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
427 учаскеде мүгедектер арбасын пайдаланатындарға арналған кабиналар, аудиороликтері бар компьютерлермен және құлаққаптармен жабдықталған мүгедектерге арналған бұрыштар, сондай-ақ көру қабілеті нашар адамдарға арналған трафареттер мен лупалар бар. Референдумда 19 сурдоаудармашы және 33 инватакси жұмылдырылған.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесіне Еуропада қызығушылық артты
05.10.2026, 20:14
Қазақстандықтар ақша жинауға көңіл бөле бастады
05.10.2026, 20:12
Қазақстаннан жанармайды заңсыз шығаратындармен күрес қарқынды жүріп жатыр
05.10.2026, 20:12