Жәңгір ханға тиесілі қолжазба табылды
Татарстанда Жәңгір ханға тиесілі мұсылман Құқықтану туралы қолжазба кітабы табылды. Бұл қолжазбаның Жәңгір ханға тиесілі екенін мөрінен байқауға болады дейді, мамандар. Жалпы татар ғалымдары соңғы 30 жыл бойы экспедицияға шығып, қазақ тіліндегі баспа басылымдарын, оның ішінде қазақ балаларына арналған балалар әдебиеті, қиссалар мен дастандарды көптеп кездестіргенін айтады. Соңғы жылы Семей қаласында 1925 жылы шығарылған «Таң», «Яш Түрістан» журналының 69-нөмірі және Қызылордада жарық көрген «Қызыл Қазақстан» журналдары да табылды. Мамандардың айтуынша, зерттеу жұмыстары әлі де жалғасады.
Айрат Загидуллин, Татарстан республикасы ұлттық кітапханасының бөлім меңгерушісі:
Татар жерінде қазақ тіліндегі қолжазба, кітаптар, журналардың табылуы татар халқына қазақ шығармалары қызық болғанын дәлелдейді. Жәңгір ханға тиесілі түпнұсқа қолжазба да қазақ тілінде жазылған. Оның көптеген қолжазбаларын Қазан императорына сыйлағанын да білеміз. Жалпы біздің мұрағатта 40 мыңға жуық сирек кездесетін кітап, қолжазба бар.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06