Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жетті. Осылайша еліміздің сыртқы саудадағы орны нығайып, өндірістік қуат кеңейтіп келеді. Қайта өңдеу саласында дәнді және майлы дақылдар, ет пен сүт өндірісі негізгі бағыт болмақ. Биыл оның көлемін 70 пайызға дейін жеткізу межесі тұр. Мәселен қазір ет бағытында 210, майлы дақылдарды саласында 90, сүт өнеркәсібінде 180 кәсіпорын қайта өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жыл сайын 5 млн тонна астық терең өңдеуден өтеді. Саланы ілгерілетуге мемлекет тарапынан қолдау мол. Айталық, қажетті құралдарды сатып алуға 2,5 пайызбен, айналым қаражатын толықтыруға 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұған қоса «Даму» қорында да қолдау тетіктері қарастырылған. Кешенді жұмыстар нәтижесінде былтыр экспорттық көрсеткіш көтерілді.
Ербол Тасжүреков, Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 37%-ға асты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы