Қазақ халық ертектері татар тіліне аударылды
Татарстанда қазақ халық ертектері, ақындардың шығармалары татар тіліне аударылды. Сонымен қатар сұраныс жоғары кітаптар қазақ тілінде шығарыла бастады. Өйткені соңғы жылдарда қазақтың әдебиетіне, тіліне, мәдениетіне қызығушылық жоғары. Жалпы, тек бір кітапханада Қазақстан туралы 3500 кітап бар, 500 кітап қазақ тілінде. Алдағы уақытта Абай, Шәкәрім, Жамбыл Жабаевтың шығармаларының татар тіліндегі нұсқасын көбейту жоспарлануда. Қазақ халқының философиялық әдеби мұралары - әлемдік гуманистік рухани мәдениеттің інжу-маржаны, дейді мамандар.
Венера Шамсутдинова, татар кітап баспасы бас редакторының орынбасары:
«Қазақстаннан шыққан авторлардың туындыларын жақсы білеміз, оқимыз. Тек жастар емес, ересектердің арасында да сұраныс жоғары болғандықтан, татар тіліне аудардық. Жалпы, Қазақстанның Татарстандағы бас консулдығымен да әріптестігіміз жоғары деңгейде, сондықтан бұл жұмыс жалғасады, бауырлас қазақ халқының татар тіліне аударылған шығармалары артады.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06