Politico: Ирандағы соғыс 100 күнге созылуы мүмкін
Ирандағы әскери операция кемі 100 күнге, тіптен қыркүйекке дейін созылуы мүмкін. Politico басылымы Пентагонның ішкі құжатына сілтеме жасап, осылай ақпарат таратты. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы өз штаб-пәтеріне әскери барлаушыларды көптеп жіберуді сұраған. Бұл – әскери операцияны әрі қарай жалғастыру үшін қажет деп түсіндірген. Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылы алтыншы күнге ұласты. Тегеранда жарылыс жаңғырығы әлі естіліп жатыр. Бұған дейін Түркияның әуе кеңістігіне кірген Иран зымыраны құлатылғанын хабарлаған едік. Тегеран Түркияға соққы беру әрекетін жоққа шығарды. Бұған қоса Иран әскерилері Түркияның егемендігін құрметтейтінін мәлімдеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06