Референдумды 18 мыңға жуық байқаушы қадағалайды
Алдағы референдум барысын «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы да бақыламақ. 190 үкіметтік емес ұйымның басын біріктірген коалиция құрамында 18 мыңдай байқаушы бар.
Олардың 67%-ы бұған дейінгі саяси науқандарда жұмыс істеген. Қазіргі күні коалицияның өңірлік штабтары ашылып, байқаушылар арнайы оқудан өтіп жатыр. Қоғамдық ұйым 9700-ден астам референдум учаскесін қамтымақ. Әсіресе, облыс орталықтарындағы учаскелер назарға алынбақ. Топ жетекшісі «Басты мақсат – дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету»,-дейді.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы:
15 наурызда өтетін референдумда таңғы сағат 06:00-ден бастап байқаушылар келіп, дауыс беру үрдісінің ашықтығын қадағалап, қорытынды хаттама алғанға дейін өз жұмыстарын атқаратын болады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар да кітап оқи бастады
13.11.2026, 17:28
Артық салмақ миды тез қартайтады
13.11.2026, 17:27
Алматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тәуелсіздік – ел дамуының алтын тірегі
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17