300-ден аса отандасымыз Оманнан оралды
Алматыға бірер сағат бұрын Оманнан арнайы рейспен 314 қазақстандықты аман-есен жеткізді. Жолаушыларды әуежайда туған-туыстары қарсы алды.
Алматы – Масқат – Алматы бағыты бойынша тағы 230 азаматты қайтару жоспарланып отыр. Елге оралғандардың айтуынша, олар Дубайда болған кезде бірнеше жарылыстың дыбысын естіген. Осыдан кейін елшілік өкілдері қазақстандықтарды жеті автобуспен Масқатқа жеткізген. Кейбірі такси қызметіне жүгінген. Әуежайда біраз уақыт күткен соң, Қазақстаннан барған ұшақ оларды елге алып қайтқан. Жолаушылар арнаулы рейсті ұйымдастырған Қазақстанның мемлекеттік органдарына ризашылығын білдірді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды елге қайтару шаралары әлі жалғасып жатыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06