Иран Ормуз бұғазын толық бақылауға алғанын мәлімдеді
Иранның Ислам революциясы сақшыларының корпусы Ормуз бұғазын толық бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл бағыт арқылы өтуге әрекеттенетін кез келген кеме зымыран немесе ұшқышсыз аппараттардың шабуылына ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Мұның алдында Дональд Трамп, қажет болса, танкерлер АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің көмегімен аталған бұғаз арқылы өтеді деп мәлімдеген еді. Парсы және Оман шығанақтарын жалғайтын Ормуз бұғазы арқылы соғысқа дейін күніне 20 млн баррель мұнай тасымалданатын. Қазір жүк кемелерінің бәрі тоқтап тұр.
Иран мен Израиль арасында әуе шабуылдары түні бойы жалғасты. АҚШ әскерилері Иранда екі мыңдай нысанға соққы берілгенін мәлімдеп отыр. 6 америкалық сарбаз қаза тапқан. 28 ақпаннан бері Иранда мыңнан аса бейбіт тұрғын мерт болды. Олардың 181-і жасы 10-ға толмаған балалар. 5400-ден астам адам жараланған. Бұл ақпаратты Американың Адам құқықтарын қорғаушыларының жаңалықтар агенттігі жариялады. Сонымен бірге Нью-Йорк Таймс газетінің хабарлауынша, марқұм аятолла Әли Хаменейдің ұлы Иранның жоғары лидері лауазымына басты кандидат атанған. Моджтаб Хаменейдің кандидатурасын Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы қолдап отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27