Жетісу облысында жасөспірімдерге қатысты 163 заң бұзушылық тіркелді
Жетісу облысында екі күнде жасөспірімдерге қатысты 163 заң бұзушылық тіркелді. «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 140 жас жауапқа тартылып, тағы 3 бала бейімдеу орталығына жеткізілді. Ережені елемегендердің 100-ден астамы түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатқан дүкендер мен көңіл көтеру орындары анықталды. Ал бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 16 ата-ана әкімшілік жазаға тартылды. Облыстық полиция департаменті рейдтік шаралардың әлі де жалғасатынын ескертеді.
Бексұлтан Әнетұлы, облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:
Егер жасөспірім 16 жасқа толмаған болса, оның әрекеті үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауап береді. Тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта заңды өкілінсіз үйден тыс жерде жүруіне жол бергені, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттерге жағдай жасағаны үшін ата-аналар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16