Емханаларда 366 педиатриялық бөлімше ашылған
Емханалардағы педиатриялық учаскелер жыл соңына дейін қысқартылады. Ал емханаға келген бала жалпы тәжірибелік дәрігердің бақылауында болады. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жүйе медициналық көмекті күшейтуге бағытталғанын айтады. Мәселен, учаскелер қысқарғанымен, оның орнына 366 педиатриялық бөлімше ашылған. Бөлімшеде патронаждық қызметтің дәрігер-супервайзері, баланы дамыту жөніндегі мамандар жұмыс істейді. Педиатриялық бөлімшелердің тағы бір ерекшелігі, жаңа туған нәрестелерге, 3 жасқа дейінгі және ерекше қажеттіліктері бар балалар басты назарда болады. Егер, баланың дамуында ерекшелік байқалса, ерте араласу орталығына жіберіледі. Министрлік мәліметінше, бір жылдың ішінде орталықтарда 72 мыңнан астам балаға консультация беріліп, даму бұзылыстарының анықталуы 21,5%-ға артқан.
Гүлмира Алтынбаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бас дәрігері:
Бұл модель отбасылық бағдарлама. Яғни, бұл алғашқы медициналық көмектің саласы ретінде педиатриялық қызметте тек қана балаға ғана емес, яғни, отбасының барлық мүшелеріне практикалық дәрігерлер жауап береді. Баланың денсаулығында даму кезінде артта қалу болып жатса, бұны мамандар ерте анықтап, яғни, ерте анықтап баланың денсаулығына атсалысып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы