БАӘ Тегерандағы елшілігін жабады
Біріккен Араб Әмірліктері аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын Иран астанасынан қайтармақ. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. «Тұрғындар тұратын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт халыққа қауіп төндірді. Бұл ұлттық тәуелсіздікті және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы», деп хабарлады ведомство. Иранның Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған жаппай соққысынан үш адам мерт болды. Тағы 58 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде хабарлады. Шабуыл кезінде Тегеран 165 баллистикалық зымыран қолданған, оның 152-сі жойылып, 13-і теңізге құлаған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06