Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл
Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Ресейдің бірнеше өңірінде ақынға арналған шаралар өтті, көрмелер ұйымдастырылды. Ал Санкт-Петербург қаласында ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.
Ленинградты жаудан азат етуде қазақстандықтардың ерлігі ерен. Осы бір аласапыран күндерде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өрендерім» жырын жазып, ержүрек жауынгерлерге дем берді. Ақын жыры осылайша ерліктің әнұранына айналды. Санкт-Петерубрг қаласының дәл орталығында ақынға арналған ескерткіш пен атында көше бар.
Дмитрий Михно, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы бас консулы:
Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ескерткішінің жанына жиналып, рухына тағзым еттік. Ақынның өлеңдері оқылып, жергілікті тұрғындар да құрмет көрсетті. Бұл шаралар жалғаса береді.
Ресейде бүгінгі күні сөз зергеріне құрмет ерекше. Жамбыл көшелері Ижевск, Волгоград, Иркутск, Кемерово, Курган, Новосибирск, Хабаровск, Красноярск қалаларында да бар.
Жамбыл жырлары түрік, әзербайжан, француз, жапон және орыс тілдеріне аударылған. Жастар арасында ақынның шығармаларын кеңінен насихаттауымыз керек, дейді жергілікті тұрғындар.
Иван Бодак, Санкт-Петербург қалалық сыртқы байланыстар комитетінің басқарма бастығы:
Жамбыл Жабаев Қазақстан мен Ресей достығының символына айналды. Сондықтан қазақтың ақынына Санкт-Петербургте әрдайым құрмет көрсетіледі, шығармалары оқылады.
Свердлов облысында да «Жыр алыбы - Жамбыл» атты көрме ұйымдастырылды. Ал жергілікті тұрғындар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жыр кешін өткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы