Сенат төрағасы: Жаңа Ата заң – теңгерімді әрі терең ойластырылған құжат
«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның конституциялық моделінің және жалпы елдің орнықты дамуының құқықтық негізін қалайтын тарихи құжат».
Мәулен Әшімбаев Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осылай деді. Жиында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту үшін жүргізіліп жатқан реформаның маңызы талқыланды. Отырысқа қатысушылар жаңа Конституция жобасының преамбуласына тоқталып, адам капиталын, білім мен ғылымды және инновацияны дамытуға бағытталған ережелерге ерекше мән берді. Сенат төрағасы бұл құжат сарапшылар мен азаматтық қоғамның ұзақмерзімді бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жаңа Конституция жобасы әзірленіп, республикалық референдумға шығарылды. Бұл демократияны нығайта түсетін маңызды қадам екені анық. Жаңа преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Конституция жобасы азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленді. Аталған жұмыстың нәтижесінде жаңа Ата заң теңгерімді әрі терең ойластырылған құжат болып қалыптасты.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03