Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ-Иран келіссөздерінің келесі раунды Венада өтеді
Женевада АҚШ-Иран келіссөздерінің үшінші раунды өтті. Кездесу аяқталды, нақты нәтиже жоқ, бірақ ортақ келісім жасалады деген үміт бар. Басылымдардың жазуынша, Тегеран америкалық санкциялардан босатылғанда ғана мәмілеге келуге дайын. Келіссөздердің келесі раунды алдағы аптада Венада өтеді.
Пәкістан әуе күштері ауғанстанға соққы берді
Түнде Пәкістан армиясы Ауғанстан астанасы Кабул мен елдің бірнеше қаласына әуеден соққы беріп, «ашық соғыс» жүргізіп жатқанын хабарлады. Пәкістан кейінгі кездері өз жерінде жасалған терактілер үшін Ауғанстанды айыптайды. Кабул болса, тағылған кінәні жоққа шығарып келеді.
Ереуілден қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады
Германияда бүгін қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады. Бұған сала қызметкерлерінің екі күндік ереуіл жариялауы себеп. Олар жұмыс істеу жағдайларын жақсартуды, жалақыны өсіруді талап етіп отыр. Тұрғындар болса, діттеген жерлерге жетудің басқа жолдарын іздеуге мәжбүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы