Абай орталығының жұмысы жанданды
Қазан федералдық университетінің негізінде ашылған Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмысын жандандырды. Абайдың ұлы мұрасын зерттеп, шығармаларын насихаттауды басты мақсат еткен орталыққа келушілердің саны артқан. Онда олар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды, белгілі абайтанушылардың зерттеулерімен таныса алады. «Жалпы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының еңбектері әлем тілдеріне аударылуы тиіс, сондықтан татар халқы ақынның шығармаларын ерекше ілтипатпен оқиды», - дейді мамандар.
Альфия Юсупова, профессор, Қаюм Насыри институтының директоры:
Бірнеше елде Абай орталығы бар. Осыдан он жыл бұрын Қазанда да осындай бір орталық болса деп жоспарлаған едік. Бұл орталық ең алдымен, Татарстан тұрғындарының арасында қазақ мәдениетін насихаттайды. Қазақ тілі де оқытылады. Сондықтан үйренемін, келемін дегендерге есігіміз айқара ашық.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06