Басты Жаңалықтар Ресейде қазақ мәдениетінің күндері болып жатыр

Ресейде қазақ мәдениетінің күндері болып жатыр

Ресейде қазақ мәдениетінің күндері өңірлерде де ұйымдастырылуда. Басты мақсат қазақ халқының салт-дәстүрін сақтап, өнерді ұлықтау. Жалпы іргелес елде 600 мыңға жуық қандас тұрады. Толығырақ тілші тарқатады.

Бір ғана Омбы облысында қазақтың оннан астам ұлттық би тобы бар. Жас өнерпаздар бүкіл Ресей бойынша байқауларға қатысып, ұлттық өнерді насихаттап жүр. Алдағы уақытта қазақ театрының жұмысын жандандыру жоспарда бар.

Санкт-Петербург қаласында 10 мыңға жуық қандас тұрады. Бірлігі жарасқан «Бәйтерек» ұлттық орталығы жас пен жасамыстың басын қосқан. Шарада құрақ құрау, тоғыз құмалақ, домбырадан шеберлік сабақтары дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Қазақтың мәдениетіне өзге ұлт өкілдерінің де қызығушылығы жоғары.

Валерий Важнецкий, Санкт-Петербург қаласының тұрғыны:

Ресейде 30 жылдан астам тұрсам да, Қазақстанды ұмыта алмаймын. Менің Отаным деп санаймын. Сондықтан осылай ұлттық киімді ұлықтап, өзгелерге таныстырып жүрмін.

Бақыт Әбдікәрімов, Қазақ ұлттық орталығының өкілі:

Әр жыл сайын 2-3 қызықты қоғамдық шаралар өтіп жатады, бәріне қатысып жатамыз. Мейрамдарда өз тілімізде сөйлесеміз, өз тілімізбен араласамыз. Өйткені қалай біз өз тілімізді ұмытуымыз керек?

Биыл Ресейдегі қандастар қазақ мәдениетінің күндерінен бөлек, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановқа арналған жыр мүшайраларын ұйымдастырды. Алдағы уақытта жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған шаралар өтеді.



Бөлісу