Басты Жаңалықтар Ресей Болон жүйесінен толық шығатын болды

Ресей Болон жүйесінен толық шығатын болды

Биылғы бірінші қыркүйектен бастап Ресей түбегейлі Болон жүйесінен шығады. Жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе – 4 жылдық бакалавриат және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы «специалитетке», яғни 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Бұл елдегі студент санының қысқаруына әкеледі, - дейді мамандар.

Болон жүйесі 1999 жылы Болон қаласында қабылданған декларация бойынша жасалған, жоғары білімді халықаралық деңгейде тануға арналған жүйе. Ол 3 деңгейден тұрады: бакалавриат, магистратура, докторантура. Енді Ресейде бұл бағдарламалар жойылады.
Михаил Данилов, ЖОО ректоры:
Ресей өз ұлттық білім жүйесіне оралуда. Себебі Болон жүйесінен біздің студенттер ешқандай пайда көрген жоқ, дилпомдарымызды шетелде қайтадан дәлелдеу керек болды. Әрине, білім бағдарламасын жаңартып, сапасын арттыру үшін бірнеше жыл керек.
Мамандардың айтуынша, Болон жүйесінен шығудың негізгі себебі – оқу орындарының автономиясын арттыру және білім сапасын ішкі нарыққа сай үйлестіру. Енді ресейлік ЖОО-лар басқа елдердегі әріптестерімен студент алмаса алмай қалады, толықтай жоғары білім беру бағдарламасы жаңартылады. Ресейде шамамен 4,5 миллион студент оқиды, оның 250 мыңға жуығы шетелден келген. Қазақстандық студенттердің 30%-ы Ресейдің жоғары оқу орындарында оқиды.
Светлана Пирогова, ЖОО өкілі:
Біз Қазақстандағы бірнеше оқу орнымен әріптестік орнаттық, студенттер де білім алуда. Алдағы уақытта квота санын қысқарту қарастырылып жатқан жоқ. Себебі Қазақстан біздің басты серіктесіміздің бірі.
Дегенмен Болон жүйесінен шыққан соң шетелдік студенттерге арнайы жеңілдіктер мен гранттар жойылуы мүмкін, бұл оқу ақысы қымбаттайды деген сөз.


Бөлісу