«Самұрық-Қазына» қоры жаңа Конституция жобасын талқылады
«Самұрық-Қазына» қорында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Басқосуда Ата заңның негізі мазмұны, тұжырымдамалық негіздері жан-жақты сараланды.
«Жаңа Конституция жобасы қазіргі қоғамның құндылықтарын айқындайды. Бас құжаттың негізгі бағдары – адам капиталын дамыту». Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов осылай деді. Сондықтан ол алдағы референдумда әр адамның дауысы маңызды екенін атап өтті.
Әсем Сартбаева, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жас мамандар кеңесінің төрайымы:
Жалпы жаңа конституция жобасында адами капиталға ерекше мән беріліп отыр. Білімге, ғылымға осы жағы бізді қуантады. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жас мамандар кеңесі жұмыс істейді. Әрбір портфельдік компанияда жас мамандар ұйымы бар. Сол кеңестің төрайымы ретінде жаңа Конституцияға қатысты бүгін осындай келелі кездесу өтті. Бұл кездесу жастар үшін өте маңызды деп есептеймін.
«Самұрық-Қазына» қорына қарасты кәсіпорындарда 250 мыңдай адам жұмыс істейді. Энергетика, тау-кен, мұнай-газ, көлік-логистика саласындағы мамандар ел өміріндегі өзгерістерге бей-жай қарамайды.
Алмат Жәмиев, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры:
«Самұрық-Қазына» қоры және еншілес компаниялар үшін бұл өте маңызды сұрақ. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тобында 200 мың адам жұмыс істейді. Сондықтан осы жаңа Ата заң жобасының нормаларын сол 200 мың адамның ғана емес сол кісілердің жанұяларына баршасына жеткізу маңызды.
Басқосуда Жаңа Конситутция жобасы жан-жақты талқыланып, мамандар өз пікірлерін ортаға салды. Мұндай алқалы жиын енді еншілес компанияларда өткізілмек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы