АҚШ-та бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың шығыс жағалауында боран соғып, бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды. Қолайсыз ауа райынан жүздеген нысан электр жарығынсыз қалған. Мыңдаған ұшақ рейсі кешігіп, кейбірі мүлде доғарылды. Жолдарды көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Нью-Йоркте тұрып жатқанына жарты ғасыр болған Джонатан Чепмэн бұрын-соңды мұндай қалың қар көрмедім дейді. Жексенбіден бері боран соғып, қар жауып тұр. Ақ ұлпа қалыңдығы кей жерлерде 70 сантиметрден асқан.
Джонатан Чапман, Нью-Йорк тұрғыны:
Осыған ұқсас қыс 2016 жылы болған еді. Дегенмен ол кезде қар соншама көп жауған жоқ. Арнайы техника өткеннен кейін қар мына жерлерге үйіліп жиналады. Сол себепті бұған жол бермес үшін өзім тазартуға кірістім.
Боран, қалың қар мен екпінді желге байланысты Нью-Йорк, Нью-Джерси, Пенсильвания, Род-Айленд, Коннектикут тәрізді бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды. Қыс қаһарына мінген аймақта 40 миллиондай адам тұрады. Ауа райының қолайсыздығынан 600 мыңдай үй мен кәсіпорын электр жарығынсыз қалды. Жағдай әсіресе Массачусетс штатында қиын. Мұнда 300 мыңдай тұтынушы қуатсыз отыр.
Элизабет Аксель, Нью-Йорк тұрғыны:
Мұндай боранға алғаш рет куә болып отырмын. Менің итіме мұндай ауа райы ұнайды. Ал мен үйде отырғанды қалаймын.
«Рейтер»-дің мәліметінше, 8 мыңдай ұшақ рейсі кешігіп, кейбірі мүлде доғарылды. Мұндай ауытқулар бүгін де жалғасуы мүмкін. Жолдарды көктайғақ басып, көлік қозғалысына шектеу қойылған. Мысалы Нью-Йорк мэрі аса қажет болмаса, қалада кез келген көлік түрімен қатынауға тыйым салды. Кейін бұл шектеу күшін жойды. Мектептер да жабық. Білім беру ордаларының кейбіреуі жылыну орталықтары ретінде жұмыс істеп тұр. Қаланы қардан тазартуға 2 мыңнан астам арнайы техника шығарылған.
Мамданидің айтуынша, мұндай боран соңғы 10 жылда болмаған. Электр қуаты мен коммуналдық қызмет көрсетуді қалпына келтіруге бірнеше күн қажет болуы мүмкін. Қаңтарда Құрама Штаттарға "Ферн" атты сұрапыл дауыл соққы берген еді. Сол кезде үш аптаға созылған суықтан ел аумағында ондаған адам қаза тапты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы