Ресейде санкция салдарынан ұшақ жетпей жатыр
Ресейде санкция салдарынан ұшақ жетпей жатыр. 2022 жылдан бері көрші елдің авиация саласында дағдарыс басталған. Экономикалық шектеулердің әсерінен бұл салада төтенше жағдайлардың да саны өскен. Толығырақ тілші материалында.
Ресейдің авиа паркіндегі ұшақтардың 80 пайызы 2022 жылға дейін лизингіде болатын. Бірнеше жылдан бері Батыс елдерінен ұшақ, қосалқы бөлшектер жеткізілмейді. Әлемдегі ең ірі ұшақ өндірушілері Boeing және Airbus Ресейге ұшақтарды сатуды тоқтатты. Бүгінгі күні Ресейдегі барлық ұшақтардың 30%-дан астамы 20 жылдан асып кеткен.
Олег Леонов, Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі комитет төрағасының орынбасары:
Бізде қазір кіші авиация саласы ең көп зардап шегуде. Жеңіл ұшақ жоқтың қасы. Бұл салада қажетті бағдарламалар жоқ. Мәселені шешу бұл салада кедергілерді азайтып, арнайы қауымдастық құрылуы тиіс.
Санкциялар авиация саласы үшін тек экономикалық қиындықтарды ғана емес, сонымен қатар технологиялық кедергілерді де туындатты. Отандық әуе компаниялары батыс технологияларына тәуелді. Сондықтан бұл салада төтенше жағдайдың саны артты. Бір айда жүзден астам оқыс оқиға тіркелген.
Жанна Кира, сарапшы:
Осыған байланысты елге келетін турист саны да азайды. Ал бизнес бағаны өсіруге мәжбүр. Яғни ұшақ билеттерінің саны күрт өсіп, сұраныс азайып отыр. Бұл алдағы жылдарда да жалғаса береді.
«Сухой Суперджет» және «МС-21» сынды ұшақтардың өндірісі кеңге қанат жая алмады. Ал үкімет Ту-214 сериялы отандық ұшағы биыл шығарылып, қолданысқа енгізіледі деп жоспарлаған еді. Алайда бұл ұшақты отандық әуе компаниялары жаппай сатып алудан бас тартты. Өйткені халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай емес, яғни ұшу қауіпті. Ресей 2030 жылға қарай Boeing және Airbus орнына 500 ұшақ шығаруды жоспарлап отыр. Бірақ оны іске асыруға білікті кадр мен қажетті құрал-жабдық жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы