Әлемдік опера жауһары қазақ тілінде сахналанды
Алматыда ХХ ғасырдағы француз музыка өнерінің жауһары – Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде сахналанды. Премьера әлемдік классиканың қазақ тіліндегі жаңа тынысын танытты.
Қойылым желісі телефон арқылы тілдескен Ару жайында. Оның монологы сезім мен үмітті, қоштасу мен күйзелісті көрсетеді. Адам жанының жалғыздығын бейнелейді. Қойылымға бір жылдан аса дайындық жүргізілді. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп орындады. Ал симфониялық оркестрге бас дирижер Қанат Омаров жетекшілік етті. Өнер майталмандарының сөзінше, моноопера көрерменге кейіпкердің жан-күйін терең көрсетеді. Ал туындыны ана тілімізде сахналау классикалық опера өнерін ұлттық аудиторияға жақындатып қана қоймай, қазақ тілінің музыкалық мүмкіндігін де арттыра түседі.
Нұрғиса Дәуешов, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры:
Бұл нұсқа драмалық бағытта да қойылып жүр. Біздегі ерекшелігі – симфониялық оркестрмен, драмалық театр актрисасының орындауында шығарылуы. Қазақ тіліндегі моноопераның қойылуы еліміздің мәдениет саласында, өнер саласында өз орны мен ерекшелігін айқындайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы