Бүгін Софья Самоделкина мұзда билейді
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының кезекті күні басталды. Бүгін Ұлттық құраманың спортшылары екі спорт түрінен жарысқа қатысады деп жоспарланған еді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы фристайл-акробатика бойынша жарыс тағы да шегеріліп, ертеңге ауысты.
Ал мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламаға өткен спортшымыз Софья Самоделкина
кешкі сағат 23:00-де өнер көрсетеді. Отандасымыз финал, яғни еркін бағдарламада
жүлдеге таласады. Софья қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 68,47 ұпай
жинады. Аралық нәтиже бойынша 12-орынға жайғасты.
Айта кетейік, жалпы есептік көрсеткіште 33 медаль ұтқан Норвегия елі бірінші
орында, 26 жүлдемен Италия екінші және АҚШ үшінші орынды 24 медальмен түйіндеп
тұр. Қазақстан әзірге мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған жалғыз алтын
медальмен 18 орында келе жатыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06