Ресейлік сарапшы: Қазақстандағы саяси реформалар бюрократиялық жүктемелерді азайтады
Жаңа Конституция жобасы - заман талабына сай жаңғырған құқықтық құжат. Қазақстандағы саяси реформалар ең алдымен бюрократиялық жүктемелерді азайтады. Бұл заң шығару жұмысында да сапаны арттыруға мүмкіндік береді. Бір палаталы парламент әлемнің бірқатар дамыған елдерінде бар тәжірибе. Сондықтан Қазақстандағы саяси реформа барлық салаға оң өзгеріс әкеледі дейді, шетелдік сарапшылар. Жаңа Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау туралы нақты норма бекітілді.
Евгения Махмутова, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің саясаттану кафедрасының доценті, саясаттану ғылымдарының кандидаты:
Қазақстанның өңірдегі цифрлық хабқа айналуына толық мүмкіндік бар. Сәйкесінше, мемлекеттік қызметтерді ұсыну инфрақұрылымы, мысалы, логистикалық инфрақұрылым, банктік инфрақұрылымның сапасын арттырады. Отбасы институтына қатысты нормалар да жаңаша мазмұнға ие болды. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтып, қоғамдағы сенімді арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы