Қысқы Олимпиада: Бүгін түнде шорт-трекшілеріміз шығады
Италияда өтіп жатқан олимпиада ойындарының кезекті күні басталды. Бүгін біздің құрама бірнеше спорт түрінен жарыс жолына шығады. Оның үстіне, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты таулы аймақтардағы жарыстар бүгінге ауысқан болатын. Дәл қащір Миланнан Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Өзінен сұрайық, Азамат кешегі жарыстар басталды ма, ауа райы қалай?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Қайырлы күн, Лейла! Ауа райы жақсарып, жарыстар бүгінгі жоспарға сай өтіп жатыр. Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы еркін стильдегі командалық жарыс аяқталды. Өкінішке қарай, қыздар іріктеуден өте алмады. Барлығы 26 команда қатысты. Отандастарымыз 17-нші болып мәре сызығын кесті. Ал, үздік 15 құрама финалға жолдама алды. Ерлердің нәтижесі қыздардікінен де төмен. 27 команданың ішінде ең соңғы сатыдан көрінді. Ливиньода фристайл-акорбюатика әйелдер арасындағы жарыс басталды. Бұл бәсекеге кеше өтуі керек еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінге ауысқан еді. Ерлердікі ертеңге шегерілді. Жарыс жолына Аяна Жолдас шықты. Іріктеудеудің бірінші кезеңінде отандасымыздың аяғы тайып, жаттығуды сәтті орындай алмай, 17-орыннан көрінді. Екінші іріктеуде де сәттілік жетіспеді. Енді Аяна алдағы күндері командалық жарыста тағы өнер көрсетеді. Сондай-ақ, тау шаңғы жарысына Александра Скороходова финалда бақ сынайды. Ол бірінші айналымда мәреге дейін жете алмады.
Жоқ, бүгін Астана уақытымен түнгі он екі шамасында шорт-тректен ширек финал және финал сайыстары басталады. Сол 500 метр қашықтықтағы тартыста екі спортшымыз ел намысын қорғайды. Олар Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжғалиев және әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, осы Олимпиадада Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша. Екеуі де мықты, екеуі де бабында. Тек сәттілік серік болып, жүлде алса дейміз. Бірге жанкүйер болайық!
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ш.Сарыбаевтың еңбектері жиналған кітаптар таныстырылды
18.02.2026, 17:35
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
18.02.2026, 17:33
Таразда Қараханидтер дәуірінен қалған «Төрткүл» керуен сарайын жаңғырта бастады
18.02.2026, 17:31
Мектептерде эко-сана жобасы қолға алынды
18.02.2026, 17:27
Ауданның қауіпсіздігі жедел басқару орталығы арқылы бақыланады
18.02.2026, 17:24
«Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларға ₸124 млрд бағыттаған
18.02.2026, 17:21
Ақсу-Аюлы ауылында 200 отбасы баспаналы болды
18.02.2026, 17:19
Жаңа Конституция өзегі – адам құқығын қорғау
18.02.2026, 17:17