Қысқы Олимпиада: Бүгін 5 спортшымыз шығады
Бүгін 25-ші қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрі бойынша сынға түседі. Астана уақытымен 13:35-те әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан командалық сайысқа қатысады. 14:50-де тау шаңғы спортынан Александра Скороходова слалом бойынша жүлдеге таласады. Сонымен бірге фристайл-акробатикадан жекелей сында жүлделер сарапқа салынуы керек болған. Бірақ бұл жарыстардың уақыты өзгеруі мүмкін. Ливиньода толассыз жауған қар салдарынан спорттық сайыстар кейінге шегерілген болатын. Сондай-ақ түнгі 12:10-да шорт-тректен ширек финалдан бастап шешуші бәсекелер де өтеді.
Жарыстарды әдеттегідей «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойындардың уақыты бойынша өзгерістер әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда қосымша хабарланатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы