Ресейде автокөлік алушылар азайып кетті
Ресейде автокөлік сату күрт қысқарды. Былтыр қаңтарда 1,5 миллион жаңа көлік сатылған болса, 2026 жылдың алғашқы айында бұл көрсеткіш 1 миллионнға да жетпеген. Елдің ең ірі автокөлік концерндерінің мәліметтері бойынша, жаңа автомобиль бағасы да 20%-ға қымбаттаған. Сонымен қатар ірі автосалондар жабылып, өндіріс көлемі азайды. Мәселен «АвтоВАЗ» компаниясы 2026 жылы көлік өндірісін 15%-ға қысқартуды жоспарлап отыр, өйткені сұраныс төмендеп, өндірістік шығындар артқан. Санкцияға байланысты шеттен әкелінетін көлік саны азайды. Егер 2020 жылы Ресейге жылына 600 мыңнан аса шетелдік көлік импортталса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 150 мыңға дейін төмендеді, ал 2026 жылы импорт көлемі тағы 100 мыңға дейін қысқарады деп болжануда. Оған қоса халықтың сатып алу қабілеті де төмендеген.
Николай Иванов, кәсіпорын қызметкері:
Басты себептердің бірі – көлік үшін утильалымның қымбаттауы. Былтырғы қазан айынан бастап барлық компанияларда дағдарыс тіркеле бастады. Яғни көлік сатып алу күрт қысқарды. Тіпті елдегі қолжетімді саналатын Қытай автокөліктерінің де бағасы өскен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы